ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Бәйтерек ауданының мекемелерінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
«Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, «Бәйтерек ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-і, «Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-і, «Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і, «Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-і, «Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і, (Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бәйтерек ауданының демалыс орталығы» МКҚК-ны үстеме аудит), «Переметный ауылдық округі» ММ-і, «Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі» ММ-і және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Бәйтерек аудандық ауруханасы» МКК-ны аудит объектілері болды.
Жүргiзiлген аудиторлық iс-шараның нәтижесiнде төмендегідей бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 5 665 362,8 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы – 3 660 383,4 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы – 1 947 738,3 мың теңге; 53 бірлік рәсімдік сипатағы бұзушылықтар және кемшіліктер 5 бірлік.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың 327 390,8 мың теңгесі өтелді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті Қаулы қабылданып, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту, бұзушылықтарды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.